Алматы облысы ТЖД қызметкерлері Балаларды қорғау күніне орай "Қауіпсіз балалық шақ" акциясын өткізді.

Алматы облысы ТЖД қызметкерлері Балаларды қорғау күніне орай "Қауіпсіз балалық шақ" акциясын өткізді.

2021 жылдың 1 маусымында Алматы облысы ТЖД қызметкерлері Балаларды қорғау күніне орай "Қауіпсіз балалық шақ" акциясын өткізді.

Акцияны өткізу орны ретінде облыс орталығында Талдықорған қаласының қалалық жағажайы таңдалды.

Іс-шара барысында балалар мен ересектерге суға батқан адамды құтқару және оған дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету дағдылары көрсетілді. Сонымен қатар, балалар үшін өрт және құтқару техникаларын көрсету ұйымдастырылды, балалармен және олардың ата-аналарымен өрт қауіпсіздігі ережелері және судағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері бойынша әңгімелер жүргізілді.

Осындай іс-шаралар бүкіл Алматы облысында өткізілді.

Алматы облысының ТЖД азаматтардан қауіпсіздік ережелерін сақтауды және ешбір жағдайда балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауды сұрайды.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі