Жаздың басталуымен, жаздың ыстық күндерінде адамдар тоғандарға асығады. Салқын суға шомылу, ыстық құмға жату, көл немесе өзен жағасында серуендеу өте үлкен рахат. Мұндай демалыс кезінде су тек дос қана емес, сонымен бірге оның үлкен қауіп төндіретінін әрдайым есте ұстау керек. Тіпті тыныш су беті, айқын қауіпсіздікке қарамастан, қауіп-қатерге толы.
Шомылу кезіндегі жазатайым оқиғалардың негізгі себебі - қауіпті дұрыс бағаламау, жүзе алмау, өз күштерін көп бағалау және дүрбелеңге түсу. Сондай-ақ, жиі қайғылы жағдайға алыс қашықтыққа жүзу, алкогольдік ішімдік күйінде болу, дауылды ауа-райында шомылу, дененің гипотермиясы, бұлшықет спазмы, үрленетін жүзу құралдарының жарылуы, бала күтімінің болмауы, биіктіктен секіру сияқты себептер болады. Судағы қауіпсіздікті медициналық пункт пен құтқару құралдары бар арнайы жабдықталған жағажайда қамтамасыз ету оңай.
Жаз - бұл жазғы демалыс уақыты. Бүкіл отбасымен су маңында демалыста, балаларға ерекше назар аудару керек. Оларды бір минутқа қалдыруға болмайды. Балалар тек ересектердің бақылауымен шомылуы керек. Жасөспірім жастағы ересек балалар, егер өздері су айдынына баратын болса, терең шұңқырлар, күшті ағымдар, водоворот немесе үлкен толқындар болмаған жағдайда, тек арнайы бөлінген қауіпсіз, тексерілген түбі бар жерлерде ғана жүзуі тиіс. Көптеген жазатайым оқиғалар тыйым салынған жерлерде шомылуға байланысты орын алады.
Су - адамның жақсы досы және одақтасы, ол демалудан барынша рахат алуға және денсаулықты нығайтуға көмектеседі. Бірақ сонымен бірге ол жеңіл ойлыққа жол бермейді және жоғары қауіп көзі болуы мүмкін. Жеңіл ойлықтың салдары ең ауыр болады.
2020 жылғы шомылу маусымы кезеңінде (маусымнан тамызға дейін) облыстың су айдындарында 36 адам, оның ішінде 14 бала қаза болды. Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күшейтілген профилактикалық жұмысының арқасында су айдындарында адамдардың қаза болу санын 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12% - ға төмендетуге қол жеткізілді. Алайда, ағымдағы жылдың өзінде суға шомылу маусымы басталғанға дейін суда адамдардың қаза болуының 14 жағдайы тіркелді, олардың бесеуі кәмелетке толмағандар.
Ағымдағы жылы суда адамдардың қаза болу жағдайларының көпшілігі, жабдықталмаған орындарда суға шомылу, алкогольдік ішімдік ішкен күйде шомылу, өз күштерін дұрыс бағаламау және балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыру себебінен болғанын атап өткім келеді.
Суда адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Төтенше жағдайлар департаменті басқа мүдделі органдармен бірлесіп демалушылармен тұрақты негізде профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Өткен жылы қауіпсіздік ережелері бар жетпіс мыңнан астам парақшалар таратылды, өткен жылдың шомылу маусымында ТЖД құтқарушылары облыстың су айдындарында 62 адамды құтқарды. 2021 жылы шомылу маусымы қарсаңында судағы қауіпсіздік ережелері бар 13000-нан астам парақшалар таратылды, құтқарушылар 27 адамды құтқарды, олардың үшеуі балалар.
Қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін, Алматы облысы ТЖД барлық тұрғындары мен қонақтарды қарапайым судағы қауіпсіздік ережелерін оқып үйренулерін және есте сақтауларын сұрайды:
- тек жабдықталған жағажайларда және суға шомылу үшін арнайы рұқсат және құтқару қызметі бар жерлерде шомылыңыз;
- жүзе білмей, белдеуден жоғары суға кірмеңіз;
- суға түсу кезінде бір-бірінді жоғалтпаңыздар;
- жағалаудан алысқа бораның және қоршау белгілерінің сыртына жүзбеңіз;
- жүзе алмасаңыз, жүзу үшін дөңгелектерді, үрлемелі матрастарды пайдаланбаңыз;
- жақын келе жатқан катерлерге, қайықтарға қарай жүзбеңіз;
- қайықтан, көпірлерден және айлақтардан суға секірмеңіз;
- тым ұзақ суға түспеңіз, салқындау және шаршау болуы мүмкін;
- түнгі уақытта және мас күйінде шомылмаңыз;
- балаларды бір минутқа да қараусыз қалдырмаңыз.
Қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, біз баға жетпес өмірімізді сақтаймыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі