Алматы облысы ТЖД бастығы "Суға батқандарды құтқарғаны үшін" ҚР ТЖМ медальдарын Алматы облысы ТЖ Департаменті Қапшағай өңірі Жедел-құтқару жасағының екі құтқарушысы Қоштаев Ринат Алтыбайұлы мен Байболат Мирас Алматұлына табыстады.
24 мамырда Қапшағай су қоймасы Қапшағай қалалық жағажайы ауданының жағалау желілерін патрульдеу кезінде құтқарушылар Қоштаев пен Байболат суға батып бара жатқан бір топ адамдарды байқады, жедел жүргізілген құтқару жұмыстарының нәтижесінде 2002-2004 жылдары туылған бес жасөспірім құтқарылып жағаға жеткізілді, олардың кейбіреулеріне жасанды тыныс алу түрінде дәрігерге дейінгі көмек көрсетілді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі