Жазғы лагерьлердегі өрт-тактикалық сабақтар

Жазғы лагерьлердегі өрт-тактикалық сабақтар

Аудандық білім беру бөліміне Қарғалы ауылында орналасқан «Связист» және «Сәлем» екі жаздық лагерлерінің 2021 жылғы жазғы демалыс кезінде өз жұмысының жасауына өтініш жазды. Аталған нысандарда ағымдағы жылғы 1 маусымда олардың өтініші бойынша өрт-техникалық тексеріс жүргізу жоспарланған. Тексеріс барысында аталған объектілерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар берілетін болады.

Сонымен қатар 26 мамыр күні «ZOOM» мобильдік қосымшасы арқылы білім бөлімімен бірлесіп, жаздық легерлердің жұмысшылары мен балалардың ата-аналарымен (жалпы 30 адам қатысты) жазғы демалыс кезінде демалу орындарында өрт қауіпсіздік талаптарын сақтау, сондай-ақ судағы қауіпсіздік пен балалардың терезеден құлап қалуын алдын алу тақырыптарына онлайн сабақ жүргізілді. Сабақ барысында аталған тақырыпта жадынамалардың электрондық нұсқалары чат арқылы таратылып, оларды сақтау міндеттілігі айтыла кетті. Демалу орындарының жұмысшыларына өрт сөндіру бойынша бірінші кезектегі іс-қимылдары және өрт туындаған жағдайда «101» немесе «112» телефон номерлеріне хабарлау қажеттілігі айтылды.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі