Алматы облысы ТЖД қызметкерлері "Донор күні"акциясын өткізді.

Алматы облысы ТЖД қызметкерлері "Донор күні"акциясын өткізді.

2021 жылдың 26 мамырында Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдық, аумақтық және ведомстволық бағынысты бөлімшелері қызметкерлерінің салауатты өмір салтын қалыптастыру және аурулардың алдын алу бойынша 2021-2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Алматы облысы ТЖД қызметкерлері "Донор күні"акциясын өткізді. Бұл акция республикалық деңгейде өткізіледі.

Талдықорған қаласындағы облыстық қан орталығында құтқарушылар донорлық қан тапсырды, ол біреудің өмірін сақтап қалуға көмектеседі.

Қан тапсыру бойынша акциялар Департамент қызметкерлерімен жыл сайын өткізіледі.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі