2021 жылдың 24 мамырында Талдықорған қаласы, Құрманов көшесінде Қойма ғимараты өртенді.

2021 жылдың 24 мамырында Талдықорған қаласы, Құрманов көшесінде Қойма ғимараты өртенді.

2021 жылғы 24 мамырда сағат 05.40-та Алматы облысы ТЖД-ға Талдықорған қаласы, Құрманов көшесі бойында қойма үй-жайы өртенгені туралы хабарлама келіп түсті.

Шақыру орнына жоғары шығу дәрежесі бойынша Талдықорған қаласы гарнизонының күштері мен құралдары дереу жіберілді. Шақыру орнына келгеннен кейін күрделі емес құрылыстың қойма үй-жайы жанып, оттың 2 қабатты жұмыс істемейтін ғимараттың (жаңадан салынған) төбесіне өтетіні анықталды.

Қабылданған шаралармен өрт сағат 06.23-те ауыздықталып, сағат 07.09-да сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрттің ауданы 495 шаршы метрді құрады, өрттің іргелес орналасқан тұрғын үйлерге таралуына жол берілген жоқ. Жанып жатқан бөлмеден төрт газ баллоны шығарылды.

Жоюға Алматы облысы ТЖД-нан 40 қызметкер мен 9 техника, полиция басқармасынан 16 қызметкер мен 6 техника, жедел жәрдем бригадасынан 6 қызметкер мен 2 техника, су арнасынан 4 қызметкер мен 2 техника, электр желісінен 4 қызметкер мен 2 техника жұмылдырылды.

Оқиға орнында өрттің шығу себебін анықтау үшін Алматы облысы ТЖД зерттеу сынақ зертханасы жұмыс істейді.

Алматы облысының ТЖД азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі