Полиция қызметкерлері алғыс хаттармен марапатталды

Полиция қызметкерлері алғыс хаттармен марапатталды

  Ағымдағы жылдың 24 сәуірінде Талғар ауданы Бесқайнар ауылында Талғар аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторы, полиция капитаны Жұмабеков Дархан Байжұмашұлы осы ауылда болған кезде жергілікті тұрғындардан қураған ағаштың жануы туралы ақпарат алды. Өрт тұрғын үйлерге жақындады. Осы хабарламаға дереу жауап беріп, Д.Жұмабеков өрт сөндірушілерді шақырып, оқиға орнына шықты. От желдің соғуымен тұрғын үйлерге тез өтіп жатқанын көріп, ол жақын маңдағы үйлердің көршілерін жинап, су шлангтарын қосу арқылы өртті сөндіруді ұйымдастырды. Нәтижесінде өрт ерте кезеңде қауіпсіз сөндірілді. Д. Жұмабековтың батыл да сауатты іс-әрекеттерінің арқасында от жақын маңдағы ғимараттарға тарап кеткен жоқ.
  Ағымдағы жылдың 16 мамырға қараған түнде Текелі қаласының полиция бөліміне Гагарин көшесіндегі үш қабатты көп пәтерлі тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде ассоциялдық өмір салтын жүргізетін көршілер шу шығарып, үйдің қалған тұрғындарына алаңдаушылық білдіретіні туралы хабарлама келіп түсті. Бұдан кейін патрульдік полиция бортының 312 экипажы құрамында инспекторлар Бауыржан Нұрмұхамбетов пен Бауыржан Қабидолланов дереу аталған мекенжайға жол тартты. Оқиға орнына жеткен полицейлер екінші қабаттағы пәтерлердің бірінің есігінен қатты түтін шыққанын анықтады. Пәтер иелеріне жете алмай, олар өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем шақырды, содан кейін олар көрші қылтима арқылы пәтерге кірді. Белгілі болғандай, пәтер иесі алкогольдік ішімдік ішкен күйінде тамақ әзірлеу кезінде ұйықтап қалған. Текелі қ.15-ӨСБ өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін патрульдік полиция қызметкерлері кіру есігін ашып, газ плитасын сөндіріп, бөлмені желдетіп, пәтер иесін таза ауаға шығарды. Б.Нұрмұхамбетов пен Б. Қабидоллановтың батыл әрі сауатты іс-әрекеттерінің арқасында қайғылы жағдайға жол берілмеді.
  Азаматтық борышын орындау кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін Б.Нұрмұхамбетов, Б. Қабидолланов және Д. Жұмабеков Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының алғыс хаттарымен марапатталды.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі