
Шөптің жануы, пішендердегі өрттер – ауыл тұрғындарының . Дайындалған ауыл шаруашылығы азығы санаулы минуттарда отпен жойылады. Алматы облысы ТЖД мұндай өрттер көбінесе балалардың отпен ойнауынан туындауы немесе шөп сақтау орындарында өртқауіпсіздігі ережелерін бұзу салдарынан болатынын еске салады.
Үлкен қиындықпен дайындалған жем, шөп санаулы минуттарда отпен жойылады. Шөп оңайжанады, ал одан от тұрғын үйлерге немесе басқақұрылыстарға тез таралуы мүмкін. Сондықтан: сіздерге осындай өрттерді алдын алу мақсатында бірқатар ережелерді естен шығармауды сұрайды.
- шөп – электр беру желілері мен жолдарға кемінде 20 метр және ғимараттар мен құрылыстарға дейін кемінде 50 метр қашықтықта орналасуы тиіс;
- шөпті ашық алаңда жиектеу кезінде минералдандырылған жолақтарды орнату қажет бұл оттың таралуын шектеу мақсатында жасалады.
-барлық шөпті біржерге жинамағандығыныз абзал;
- шөп сақтау орындарының жанында темекі шекпеңіз;
– балаларды қараусыз қалдырмаңыз-балалардың отпен ойнауы көбінесе жинаалған мал азығының жануына көп жағдайларда себеші болып келеді.
Шөпті жанбайтын материалдан жасалған өртке қарсы қалқалармен қоршалған жапсарлас құрылыстарда сақтауға рұқсат етіледі.
Егер өрт орыналса, Өрт сөндіру қызметін 101 немесе 112 телефоны бойынша шақырыңыз, өртсөндірушілер келгенге дейін оттың таралуына жол бермеу бойынша шаралар қолданыңыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі