
2021 жылғы 9 мамыр күні сағат 20.19-да Алматы облысы ТЖД кезекші бөлімінің пультіне Қапшағай қаласынан бес шақырым жерде, «Қарлығаш» демалыс аймағының маңындағы аралда әуесқой байдаркашы он адам, оның ішінде он үш жастағы 2 бала қалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Олар сағат 19.12-де ауа райы жағдайына, көшпелі бұлттылыққа және 4 м/с екпінді желге байланысты байдаркадағы су демалысы кезінде жақын аралға айлақтаған.
Шақырту орнына дереу құтқарушылар жіберілді. Қапшағай қаласының жедел-құтқару жасағының күшімен барлық әуесқой байдаркашылар құтқарылды.
Авариялық-құтқару операциясына Алматы облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Қапшағай қаласы Жедел-құтқару жасағының екі құтқарушысы бір бірлік техникамен шықты. Олардың барлығы жағаға аман-есен жеткізілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі