
Жеңіс күні-біздің азаматтарымыздың көптеген ұрпақтары үшін ең маңызды мерекелердің бірі. Бұл күні әр отбасы сол соғыс оқиғаларын еске алады, батырларды құрметтейді, қайтыс болғандарды қайғырады.
9 мамыр мерекесіне орай Талғар ауданы ТЖБ және Талғар қаласы 2-МӨСБ қызметкерлері Ауған соғысы және өртке қарсы қызмет ардагері Иманбеков Ғани Төкенұлын құттықтады.
Ардагерге еңбегі үшін алғыс білдіріп, ТЖМ грамотасын табыс етті.
Алматы облысы ТЖД және Талғар аудандық ТЖ бөлімі атынан ҰОС ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтаймыз.
Құрметті ардагерлер, біз сіздерге бейбіт аспан, балаларымыздың бақытты жүздері, ерлік пен батылдық үшін ризамыз.
Сіздерге мықты денсаулық және көтеріңкі көңіл-күй тілейміз! Сіздердің өмірлеріңіз туыстарының қамқорлығы мен сүйіспеншілігіне толы болсын! Сізге және жақындарыңызға амандық тілейміз!
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі