Талғар ауданында өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді

Талғар ауданында өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді

Өрт қауіпті кезеңге дайындық шеңберінде 04.05.2021 жылы сағат 11: 00-де Талғар ауданында, Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық паркінің аумағында Талғар ауданының Талғар қ.және ТЖБ-2 МӨСБ қызметкерлерін 15 адам және 4 бірлік техника және Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық паркінің қызметкерлерін 10 адам және 1 бірлік техника тарта отырып, орман-дала өрттерін сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді. Оқу-жаттығу барысында орман және дала өрттері мен жануды сөндіру үшін күштер мен құралдарды тарту жоспарларын түзете отырып, өзара іс-қимыл мәселелері, қолда бар жарақтар мен техниканы тарту тәртібі пысықталды. Сондай-ақ өрт сөндіру үшін мотопомпаны қосу және пайдалану тәртібі пысықталды.

Алматы облысының ТЖД баспасөз қызметі