
Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Ю.В. Ильин жеке өз атынан және министрлік басшылығының атынан барлық ардагерлерді, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін, өрт сөндірушілерді, құтқарушыларды, әскери қызметшілерді, медицина, авиация, ғылыми және оқу орталықтарының қызметкерлерін, Көкшетау техникалық институтының тыңдаушылары мен курсанттарын Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтады!
«Бұл маңыздылығы бойынша екі мереке – қатал сынақтар кезінде бостандық пен тәуелсіздікті қорғаған батырларымызға және Қазақстан халқының тыныштығын, тәуелсіздігін сақтай отырып, бүгінде абыроймен қызмет атқарып жүрген, сондай-ақ адамдардың өмірін құтқару үшін жанқиярлыққа дайын құтқарушыларға деген құрмет. Бабаларымыздың ерлігі бізді әрдайым жігерлендіріп, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың жарқын үлгісі бола берсін. Осы даңқты күндерде баршаңызға, ең алдымен, отанды, елдегі бейбітшілікті қорғап жүрген адамдарды құттықтағым келеді және оларға зор денсаулық, амандық, Отанға қызмет етудің игі және құрметті ісінде жаңа жетістіктер тілеймін! Келешекте де бейбіт заманда және көк аспан астында Отанымыздың игілігі үшін қызмет етуімізді тілеймін» - деп атап өтті Ю.В. Ильин.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі