
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің 2021 жылға арналған күнтізбелік жоспарына сәйкес 2021 жылғы 3-11 мамыр аралығында Қапшағай су қоймасында желкенді спорт түрінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өткізіліп жатыр, оған Қазақстанның барлық өңірлерінен ең мықты яхташылар қатысып жатыр.
Жарыс 11.00-ден 17.00-ге дейін "Республикалық яхта клубының" акваториясында, жағалаудан бір жарым километрден екі километрге дейінгі қашықтықта ашық суда өткізіліп жатыр.
Судағы қауіпсіздікті Төтенше жағдайлар департаментінің "ӨС және АҚЖҚ" ММ Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері төрт моторлы қайықпен қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта жарыстар штаттық режимде өтуде. Суда болған оқиғалар тіркелген жоқ.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі