Дала өртін өшіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді

Дала өртін өшіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді

Өрт қауіпті кезеңге дайындықты шынықтыру мақсатында,2021 жылдың   30 сәуір күні, сағат 10.00-де, Көксу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі (ТЖБ) және Балпық би ауылының №8-Өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерінің (ӨСБ) ұйымдастыруымен, Мұқаншы ауылдық округі, Көксу станциясының маңында, «Дала өрттерін сөндіру» тақырыбында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді№

Практикалық сабақтың жоспарына сәйкес, Балпық би ауылының №8-ӨСБ қызметкерлері мен ерікті өрт сөндіру құрылымдарының мүшелері (ЕӨҚ) және Көксу станциясының өрт сөндіру бекетінің қызметкерлерімен бірлесіп дала өрттерін сөндіру кезіндегі іс-әрекеттері пысықталды.

Өрт-тактикалық оқу-жаттығуға:№8-ӨСБ 2 техника АЦ-5-40 және нива автокөлігі, 15 адам;ТЖБ 1 техника нива автокөлігі, 2 адам;Көксу ауданының әкімдігінен 1 адам;Мұқаншы ауылдық округінің ЕӨҚ 10 адам, 3 техника Нива автокөлігі;МТЗ-80 соқасы бар 2 трактор, 3 адам;Көксу станциясының өрт сөндіру бекетінің қызметкерлерімен 3 адам, және 1 автокөлік тіркемесімен.Барлығы: 9 бірлік техника және 30 адам.

Оқу-жаттығу соңында, ЕӨҚ-мен дала өрттерін сөндіру кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау және дала өрттерін сөндіру кезіндегі ерекшеліктері туралы нұсқаулық өткізілді, сонымен қатар дала массивтерінің аумағында өрттің таралуын болдырмау мақсатында дала өрттерін тиімді түрде қалай сөндіру керектігі түсіндірілді.

 

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі