
Өрт қауіпті кезеңде, күннің аптап ыстығында таулы-дала және егін алқаптарында құрғақшылықтан, найзағай түсуден, табиғатқа демалуға шыққан азаматтардың жаққан оттарын сөндірмеуінен, малшылардың немесе көлік жүргізушісінің жол жиегіне өшірмей тастай салған темекі тұқылынан, отты абайсыз пайдаланудан және басқа себептерден тұтанса, аз мерзімнің ішінде ұланғайыр аумақтарға жайылып, алапат өртке айналмақ.
Осыған орай, Көксу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен өрт қауіпсіздік талаптарын жеткізу мақсатында, 2021 жылдың 29 сәуірінде «Өрт қауіпті кезеңге дайындық» тақырыбында брифинг өткізілді. Брифингке аудандық «Нұрлы Көксу» баспасөз басылымының өкілдері келіп қатысты, «ZOOM» мобильді қосымшасы арқылы Көксу ауданының ауылдық округ әкімдері және келесі мекемелердің өкілдері қатысты, атап айтқанда: «Көксу аудандық электр торабы», «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Алматы қорғағыш екпеағаштар дистанциясы» филиалы, ЖШС «BSP GROUP LTD», «Көксу Таза-су» ММ, «Жолдар бөлімі» ММ, Көксу аудандық әкімшілігінің «Ауыл шаруашылық бөлімі» ММ.
Кіріспе сөзбен, Көксу ауданы әкімінің орынбасары Халелов Дәулет Кенжеханұлына сөз беріліп, алдағы өрт қауіпті кезеңінде табиғи өрттердің алдын-алу және судағы қауіпсіздік іс-шараларын ұйымдастыру, дала өрттерімен жағдайды тұрақтандыру және олардың өсуіне жол бермеу бойынша жеткізіп, жоспарға сәйкес нақты тапсырмалар берді.
Сонымен қатар, Көксу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерімен, ағымдағы жылдың 1-ші тоқсанында Алматы облысы аумағындағы (Көксу ауданы аумағында)орын алған орман және дала өрттерінің талдауы жеткізілді. Көксу ауданының барлық ауылдық округтеріне елді мекендердің айналасында минералдандырылған жолақтар құру жұмыстары тиісті деңгейде жүргізу, тыс жерлерде жануды сөндіруге өз бетінше тартылғаннан жергілікті атқарушы органдардың ерікті өрт сөндіру құрылымдары өзара іс-қимылын қамтамасыз ету, сондай-ақ космоманиторинг мәліметімен жедел әрекет ету және суға шомулы маусымында ТЖ алдын-алу бойынша іс-шараларын туралы баяндады.
Көксу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауын ескертеді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі