Мемлекет күші халықтың бірлігінде

Мемлекет күші халықтың бірлігінде

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №118 бұйрығымен бекітілген 2021 жылға арналған азаматтық қорғау органдарындағы идеологиялық жұмыс жоспарының 13 тармағын орындау үшін, сондай-ақ қызметкерлерді толеранттылыққа тәрбиелеу, ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында, 2021 жылғы 30 сәуірде барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып Zoom қосымшасы арқылы Алматы облысы Ішкі саясат басқармасының Қазақстан халқы ассамблеясының хатшылығы - этносаралық қатынастар жөніндегі бөлімінің бас маманы Әбілқайыр Әбенұлы Ораловтың қатысуымен Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдық, аумақтық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерімен «Қазақстандық қоғамдағы ұлтаралық келісім» тақырыбында дәріс өткізілді.

Өзінің баяндамасында Ә.Ә Оралов Департамент қызметкерлерін жалпы тарих және тарихи естелік негізінде қоғамдық сананы,  қазақстандық сәйкестік пен бірлікті күшейтіп, дамытуға, Қазақстандағы жүргізілетін бейбітшілік пен келісім саясатын қолдауға шақырды.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі