
2021 жылғы 27 сәуірде 11 сағат 00 минутта Қаратал өзенінің сол жағалауындағы Орман шаруашылығы ММ "Лесной кордон" учаскесінде Талдықорған қаласының аумағында болуы мүмкін ірі ауқымды орман және дала өрттерін жою кезінде өзара іс – қимыл мәселелерін өңдеу бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өткізілді.
Өткізілген оқу-жаттығулардың мақсаты: өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің Талдықорған орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің өрт сөндіру командасымен, Талдықорған "Авиа группасымен" және өртті жою бойынша шұғыл ден қою жасағының басқа қызметтерімен өзара іс-қимылын пысықтау. Күштер мен құралдардың шоғырлануының нақты уақытын анықтау.
Талдықорған қаласы "Орман шаруашылығы" ММ және Талдықорған "Авиагрупы" ММ Өрт сөндіру бөлімдері мен өртке қарсы құралымдарының жеке құрамын ерекше жағдайларда жауынгерлік міндеттерді орындау бойынша жаттықтыру. Дала, тау және орман өрттерін сөндіру кезінде өрт сөндіру штабы мен жауынгерлік есеп топтардың жеке құрамын оқыту.
Оқу-жаттығуға:
- Алматы облысы ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" ММ, 6 бірлік техника және жеке құрамнан 31 адам;
- Ауылдық округтердегі ЕӨҚ, 4 бірлік техника және жеке құрамнан 20 адам;
- Жедел медициналық жәрдем бригадасы 3 адам арнайы автомашинада;
- АМО 3 адам арнайы автомашинада;
- ЖПҚ 1 борт -2 адам;
-5514 әскери бөлімі -оқу орнын қоршауға күштер мен құралдар тартылды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі