Өрт қауіпсіздігі ертеңгілігі

Өрт қауіпсіздігі ертеңгілігі

Балалар біздің болашақ ұрпағымыз оларға ТЖ және өрт кезінде қауіпсіз жүріс-тұрыс бойынша білім мен дағдыларды ерте жастан, үй ошағынан бастап анамен және әкемен сенімді әңгімелесуде, балабақшалардағы ертеңгіліктерде, мектеп орындықтарынан үйрету қажет. Біздің балаларымызда қауіпсіздіктің жалпы ережелерінің талаптарын саналы түрде сақтауға тәрбиелеу арқылы ғана біз жауапты ересектерді өсіреміз. Осы мақсатта Талғар аудандық ТЖБ және Талғар қ.2-МӨСБ қызметкерлері "Өрттерді бірге тоқтатайық" акциясын өткізді. Осы акцияға дайындалу үшін өрт қауіпсіздігі бойынша жадынамалар салуға арналған қалталары бар өрт сөндіру машинасының макеті орындалды, "Орманды өрттен сақтаңыздар" және "Балалар ұша алмайды" жадынамалары әзірленді. Акция шеңберінде білім беру бөлімінің көмегімен карантин шараларын сақтай отырып, "Нұр Айша" балабақшасында өрт қауіпсіздігі ертеңгілігі экскурсиямен өткізілді, сондай-ақ өлеңдер мен суреттер конкурсы, "сұрақ-жауап" және "өрт әліппесі" викториналары өткізілді. Талғар гарнизонының АҚ қызметкерлері балаларға өрт сөндіру машинасының жұмыс принципін және Өрт сөндіруші мен құтқарушының күрделі, бірақ лайықты еңбегі туралы айтып берді. Балалар өрт қауіпсіздігі бойынша жоғары білім деңгейін көрсетті және бояу және қарындаштармен марапатталды. Сондай-ақ, ертеңгілікті ұйымдастыруға көмек көрсеткені үшін балабақша меңгерушісіне алғыс хат берілді. Біз өткізілетін алдын алу іс-шаралары болашақ ұрпақтың дамуына нәтиже береді деген үміттеміз, ал өрт және ТЖ кезінде қауіпсіздік және мінез-құлық дағдыларына үйрету балаларда дағды ретінде бекітіледі деген сенімдеміз. 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі