
27.04.2021 жылы Ақсу ауданы Қапал ауылдық округінде Ақсу ауданының ТЖБ қызметкерлері, Қапал ауылының №29 жеке постының жеке құрамы, ерікті-өрт құралымдары және "Жоңғар орман шаруашылығы" КММ қызметкерлері өрттерін сөндіру кезінде өзара іс-қимыл жоспарына сәйкес сапқа тұрғызылып, одан әрі сценарий бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді.
Оқу-жаттығудың мақсаты өрт қауіпті кезеңде дала өрттерін тиімді сөндіру, күштер мен құралдарды жұмылдыру, орман алқаптарының аумағында оттың таралуына жол бермеу болып табылады.
Өрт-тактикалық оқу-жаттығуға Ақсу ауданының ТЖБ қызметкерлері, Қапал ауылының №29 жеке постының жеке құрамы 6 адамы және 1 негізгі техника бірлігі АЦ-5-40 Урал және 1 қосалқы техника УАЗ, Қапал ауылының ерікті-өрт құралымдарынан 10 адам және 1 бірлік "Газель" техникасы, "Жоңғар орман шаруашылығы" КММ 7 адам және 3 бірлік техника, МТЗ-920 тракторы тіркемелі су таратқыш ВРМ-3, УАЗ-39099, ГАЗ-3308 өрт сөндіру автоцистерналары қасты.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі