
Табиғат аясындағы демалыс адамға қуаныш сыйлайтыны белгілі, бірақ демалыстан кейін қалған кағаз, бос шөлмектер, тамақ қалдықтары сынган ағаш бұтақтары және от жаққан жерлерде күлдерді жиі коретініміз анық.
Осы жаққан оттар, темекі қалдықтары көбіне өшірілмей не толығымен өшірілмей қалып жатады. Осындай салғырттықтың арты қайғылы жағдайларға әкеліп жатады. Өрт «Тілсіз жау екенін» ұмытпағанымыз жөн.
Сіріңкемен балалардың ойыны, алау жағулары көп жағдайда өртке ұласып жатады.
Құрғақ шөп жануын болдырмау үшін, отты пайдаланғанда абай болған жөн, яғни далада не орманды жерлерде алау жақпау керек, от қауіптілігі басым жерлерде балалардың отпен ойнамауын қадағалаған жөн. Көп жағдайда адамдардың салғырттығынан осы дала өрттері орын алып жатады.
Табиғатты қорғаңыздар!
Осындай өрттерді болдырмау үшін әрқайсымыз өзімізден бастағанымыз жөн.
Алматы обласы ТЖД баспасөз қызметі