Көктемгі сенбілік өткізілді

Көктемгі сенбілік өткізілді

Жылда Алматы облысы ТЖД қызметкерлері бекітілген аумақтықты қоқыстан тазарту бойынша жалпы республикалы, облыстық және қалалық сенбілік күндеріне қатысып отырады. Кезекті сенбілік бүгін, 2021 жылғы    10 сәуірде өтті.

Таң атысымен Алматы облысы ТЖД, "ӨС және АҚЖҚ" ММ аппараты мен Талдықорған қаласы ТЖБ қызметкерлері тырмалармен, ұсақ қоқыстарды жинауға арналған арнайы шыңдармен, сыпыртқылармен және қаптармен қаруланып, Талдықорған қаласындағы Ш.Уәлиханов көшесінің бойын, Ғ.Орманов көшесінен бастап Рақышев көшесіне дейін аумақты жинауға кірісті.

Облыс құтқарушылары нақты тәртіпке дағдыланған, сондықтан сенбілікке қатысушыларымыз топтарға бөлініп, жол жиегіне тән темекі қорабын, кәмпиттердің орамдарын, целлофан, бөтелке, шүберек пен басқа да қоқыстарды қалдырмай бір-біріне қарай қарсы жүріп өтті.

Сондай-ақ, Алматы облысының ТЖД және "ӨС және АҚЖҚ" ММ аумағында жас ағаш-көшеттер отырғызу ұйымдастырылды.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі