
14.04.2021 ж.Кербұлақ ауданының ТЖБ қызметкерлері "көмек қолы" акциясы бойынша өрт қауіпсіздігін насихаттау мақсатында Сарыөзек ауылы ӨСБ-19 ғимаратында 21 оқушыны қамти отырып, Қарашоқы ауылы Қарашоқы орта мектебінің оқушылары үшін Ашық есік күнін өткізді, оның шеңберінде өрт-құтқару техникасының шағын көрмесі және авариялық - құтқару құралдарының жұмысы, жауынгерлік киім кию, телефон және радиостанциялар бойынша ақпарат қалай келуі, өңделеуі, арнайы техника мен жеке құрамды шақыру орнына дейін жеткізу көрсетілді. Сондай-ақ, "тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелері", "Балалардың отпен ойнауы", "улы газбен улануға жол бермеу туралы өзіңді және өз жақындарыңды сақта"бойынша нұсқаулық өткізілді. Естелік ретінде суретке түсті. Мұғалімдер мен оқушылар Алматы облысы ТЖД ресми сайттарына жазылды. Бұл алдын алу шаралары жалғасады.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі