
Жыл сайын адамдар көрінбейтін, байқалмайтын, сұмдық қауіптілігі бар улы газдан немесе көміртегі тотығынан зардап шегеді. Өкінішке орай, улы газ туралы ескертулерге қарамастан, олардың улануы барлық жерде кездеседі. Иісті газбен улану елеулі, ал кейбір жағдайларда денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін. Негізгі мәселесі түсі де, иісі де жоқ және ешқандай сезім тудырмайтын болғандықтан оны жиі "Үнсіз өлтіруші" деп атайды. Иісті газ ауамен араласқанда іс жүзінде байқалмайды, сондықтан адам уланғаннан кейін ғана жағдайдың нашарлауын байқайды.
Иісті газдан уланудың алдын алу мақсатында өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтау қажет. Пешпен жылытуды пайдалану кезінде жол берілмейді:
Құрметті азаматтар! Жоғарыда айтылған ережелерді сақтау Сіздерге адамдардың улы газдан, табиғи газдан улануы мен қаза болуын және тұрмыстық өрттердің санын азайтуға мүмкіндік береді.
Есіңізде болсын – улы газ қауіпті, ол тез және білдіртпей әрекет етеді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі