
Облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссияның 2021 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес 8 сәуірде Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Л.М. Тұрлашовтың төрағалығымен комиссия отырысы өтті.
Отырыста төрт мәселе қаралды:
1.Сырғыма, селдің жүруіне дайындық, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларға қарсы іс-шараларды іске асыру туралы;
2.Шомылу маусымы кезеңінде азаматтардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын даярлау туралы;
Жалпы Алматы облысы ТЖД құзіретті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 2021 жылғы сырғыма, селдің жүруіне, шомылу маусымы кезеңінде азаматтардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын даярлау және 2021 жылғы өрт қауіпті кезеңінде Алматы облысының орман және дала аумағындағы өртке қарсы жағдайын қамтамасыз ету шараларын даярлау туралы және жергілікті атқарушы органдарының кезең-кезеңмен өрт сөндіру бекеттерін құру толық көлемде іске асыру және Алматы облысының сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар кешені (сейсмикалық аудандастыру және шағынаудандастыру карталары) туралы мәселесі қарастырылды.
Отырыс қорытындысы бойынша комиссия шешім қабылдап, мүдделі облыстық қызметтерге, аудан, қала әкімдеріне орындау мерзімдерін белгілей отырып, нақты тапсырмалар берілды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі