Балалардың отпен айнауы

Балалардың отпен айнауы

Жыл басынан бүгінгі күнге дейін Кеген ауданы  аумағында балалардың отпен ойнауынан 2 өрт оқиғасы орын алды .

Барлық білім беру мекемелері крантинге жабылу себебінен балалардың отпен ойнауын болдырмау мақсатында Кеген ауданынң  Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері күнделікті Instagram парақшасында тікелей эфирлер жүргізеді. Осыған орай ата-аналар әрқашанда балаларға өрттің зияндылығы мен шығыны туралы түсіндірме жұмыстарын өткізу керек.

Балаларыңыздың ең басты назар аударатын нәрсесі, ол өрт болған жағдайда мінез-құлық ережелері: 

  • үйде немесе пәтерде қалмау керек, шкафтарда, қоймаларда, төсек астында тығылуға болмайды;
  • өртті өздігінен сөндіруге болмайтындығын;
  • мүлікті сақтай отырып өмірін тәуекелге қоймауға;
  • терезе мен есіктерді айқара ашпауға;
  • су құбырларымен және жіппен түспеуге;
  • өрт пайда болған кезде лифтті пайдалануға болмайтындығын түсіндіру.

Әрбір бала өрт сөндірушілерді шақыра алатын «101» және «112» телефон нөмірлерін білуі тиіс. Ең бастысы балаларыңыз өрт қауіпсіздігі ережелерін, отпен ойнамау керектегін білу тиіс. Бұл әрбір отбасының міндеті мен парызы.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі