
Электр жарығынан және тұрмыстық электр жылытқыш қондырғылардан болатын өрттердің алдын алу.
Электрден болатын өрттердің негізгі себебі - ол қысқа тұйықталу, желінің шамадан тыс жүктелуі. Осындай болмау үшін электр сымдарын жөн жағдайда ұстау керек, ал қысқа тұйықталудан және желінің торда шамадан тыс жүктелуінен (бірнеше электрқондырғыларды бірден қосу) болатын өрттердің алдын алу үшін тарату қалқаншада міндетті түрде заводта жасалған сақтандырғыштар болу қажет.
Егер электр желісіне жуан сымнан қолдан жасалған сақтандырғышты (“жучок”) қосса, онда қысқа тұйықталу кезінде ол ерімейді. Олай болса, “қорғанысы” істемейді және желі тоқтың астында қалады.
Осындай жағдайда сымдар ерігенше қызады, оқшаулауы тұтанады, от айналадағы жанғыш заттарға таралып, өрт басталады.
Сондықтан әрқашанда тек заводта жасалған сақтандырғыштарды қолдану қажет. Қысқа тұйықталу электрсымда да болу мүмкін. Сондықтан ол жөн жағдайда болу керек.
Өрт электр шамынан да болуы мүмкін, оның вольфрам сымы қызған кезде көп жылу шығарады. Өрт болмау үшін электршамдар қағаз және мата абажурларға тимеу қажет. Өрттер заводта жасалған тұрмыстық электрқондырғыларынан да жиі болады. Егер электр желісіне бірнеше осындай қондырғыларды бірден қосса, онда ол электрсымдарының шамадан тыс жүктелуіне және қызуына мүмкіндік береді. Оқшаулау тұтанып, от сым арқылы әртүрлі заттарға таралады. Егер дұрыс қолданбаса, өрт тек бір ғана электржылытқыш қондырғысынан (үтік, шәйнек, жылытқыш, т.б.) да пайда болуы мүмкін.
Сондықтан желіге қосылған қондырғыларды қараусыз қалдыруға болмайды және олардың қарауын кішкентай балаларға тапсыруға болмайды. Қондырғыны жанғыш заттардың үстіне қоюға болмайды, сонымен қатар перделер, ағаш қалқа және тағыда басқа оңай жанғыш заттардың қасында қосуға болмайды.
Отты абайсыз қолданудан болатын (шылым шегу, алаулар, шырақтар, пілтелер, көмір, күл, т.б.) өрттердің қалай алдын алу.
Шылым шегуден және ашық оттан болатын өрттердің оңай алдын алуға болады. Тек қана әр тұрғын өртке қарсы тәртіпті сақтау керек және ұқыпсыздық неге әкеп соқтыратынын білу керек. Төсекте жатып шылым шегуге болмайды, өйткені ұйықтап қалып, жанып жатқан темекіден төсек орын жанып, өрт шығу қаупі тууы мүмкін. Кейбір азаматтар қораларға, қоймаларға, шатырға кірген кезде шырақ жағады.Ашық отты пайдалану ерекше сақтықты етеді. Оны ұмытпау керек, өртке қарсы тәртіптің барлық ережелерін қатаң түрде сақтау керек .