Кербұлақ ауданының азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау мәселесі бойынша тұрақты негізде рейдтік іс-шаралар жүргізеді. Мысалы, 01 сәуірде Сарыөзек ауылында жылыту кезеңінде тұрғын үй секторын аралау бойынша рейдтік іс-шара өткізілді.
Қызметкерлер 110 адамды қамти отырып, 87 тұрғын үйді аралап шықты. Азаматтарға тұрмыстағы бұзушылықтарға жол бермеу бойынша талаптар түсіндірілді, сондай - ақ электр құралдарын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздік шаралары туралы жадынамалар табыс етілді. Кербұлақ ауданының төтенше жағдайлар бөлiмi электр құралдарын қолданғанда өрт қауiпсiздiк ережесiн сақтауға шақырады:
- Бiр тоқ көзiне бiр уақытта бiр неше электр құралдарын қосуға тиым салынады.
- Құралдарды қараусыз қалдыруға тиым салынады.
- Қорғау қабатынан айырылған немесе зақымданған электрсымдарымен, қосқыштармен қолдануға тиым салынады.
- Қосылған үтiктi, электр плитаны және басқа да жылыту құралдарын қолдануға тиым салынады, егерде арнайы жанғыш емес жылу қорғағыш қойғыштары болмаса.
- Арнайы зауытта жасалған емес электр құралдарын қолдануға тиым салынады (қолдан жасалған) және сақтандырғыштарды қолдануға. (Тұрғын үйдi қысқа тұйықталудан қорғауға немесе желiнiң торда шамадан тыс жүктелуiнен алдын алу үшiн тарату қалқаншада мiндеттi түрде зауытта жасалған сақтандырғыштар болуы қажет).
- Жарық беру құралдарын және электрлампаларын қағазбен, шүберекпен және де басқа да жанғыш заттармен орауға тиым салынады.
Өзiндi және өз жақындарынды қорғаныздар!
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі