
30 наурыз 2021 жылы Райымбек ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудандық әкімшіліктің мәжіліс залында аудандық «Хан Тәңірі» газетінің журналистерін және Нарынқол ауылының жеке кәсіпкерлерін, атап айтқанда «Самрұқ», «АДМ ГАЗ», «Зере», «Қайрат Қазақбаев» басшыларымен бірлескен дөңгелек стол өткізілді, дөңгелек стол өткізу барысында тауарлық газды тарату жүйесі бойынша тасымалдауды, газ тарату жүйесін техникалық пайдалануды, сондай-ақ тауарлық газды көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыруы бойынша жоғарыда көрсетілген жеке кәсіпкерлерге газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтау жөніндегі алдын алу іс-шараларын түсіндіріп, сонымен қатар тұрғын үйлерге тауарлық газды жеткізуге шарттар жасасу кезінде тұтынушыларға тиісті журналға белгі қоя отырып, тұрмыста газды қауіпсіз пайдалану қағидалары бойынша нұсқама жүргізу керектігі жеке кәсіпкерлер басшыларына түсіндірілді. Дөңгелек стол өткізу нәтижесі негізінде отырысқа қатысқан кәсіпкерлер мен қонақтарға тұрмыстағы газды пайдалану ережелері негізінде біліп жүрулері тиіс ережелер жеткізілді, атап айтқанда:
1) егер Сіз газ иісін сезсеңіз «104» нөміріне қоңырау шалыңыз;
2) жұмыс істеп тұрған газ құралдарын қараусыз қалдырмаңыз;
3) газ құралдарына техникалық қызмет көрсетуді үнемі өткізіңіз;
4) газ құралдарын өз бетінше жөндемеңіз;
5) газ аспаптары жұмыс істеген кезде үй-жайды желдетіңіз;
6) үй-жайды газ плитамен жылытпаңыз;
7) газ құралдарына балаларды жібермеңіз;
8) газ құралдарын таза күйде ұстаңыз;
9) газ құралдарымен киім-кешектерді кептірмеңіз.
Алматы облысының ТЖД баспасоз қызметі