
2019 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖ Комитеті "Darmen"мобильді қосымшасын әзірледі. "Darmen" көмегімен облыс тұрғындары өз аймағындағы ТЖ туралы бірден хабарлама алады. Мобильді қосымша арқылы дауылды ескертулер, автожолдардың жабылуы туралы ақпарат жедел беріледі, сондай-ақ осы платформада түрлі жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы алдын алу ұсынымдары қосымша орналастырылады. Қосымшада сондай - ақ әуе және теміржол рейстері туралы ақпарат, ауа райы болжамы, қандай ТЖ тек облыс бойынша ғана емес, жалпы республика бойынша да орын алады.
Қосымшаны барлық Android Және IOS пайдаланушылары мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүктеп, орната алады.
Жай ғана қосымшаны жүктеп алып, "басты қала" болып тұратын қаланы орнатыңыз (облыс тұрғындары, облыс орталығының қаласын таңдау қажет) және барлық жедел ақпаратты алыңыз.
Darmen қосымшасын өзіңізге, балаларыңызға және жақындарыңызға орнатуды ұсынамыз.
Қауіпсіздік тым көп болмайды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі