Мұз үстіне шықпаңыздар!

Мұз үстіне шықпаңыздар!

  2021 жылғы 28 наурызда "УАЗ" автокөлігімен үш ер адам Балқаш көлінің мұз бетіне шықты. Қазіргі уақытта Алматы облысы жағынан Балқаш көліндегі мұз еру процесінде, борпылдақ, тұрақсыз болып табылады және онда көптеген жарықтар бар, бұл мұз үстінде болу үшін өте қауіпті болып табылады. Кейінірек, 30 наурызда әлеуметтік желілерде бұл азаматтардың пайда болған жарықтарды еңсере отырып, қауіпті мұз үстімен жүргені туралы бейне-ролик пайда болды. Бейне-роликке сәйкес, бүгінгі күні үш адамның тағдыры белгісіз. Бұл оқиға туралы Алматы облысының ТЖ Департаментіне хабарлама түскен жоқ. ТЖД қызметкерлері полиция қызметкерлерімен және Қаратал балық инспекциясы бөлімімен бірлесіп, Ер адамдардың тұлғаларын анықтау бойынша іс-шаралар өткізді. Бұл азаматтар Алматы облысы Сарқан ауданы М.Төлебаев ауылының тұрғындары екені анықталды. Ер адамдардың айтуынша, олар Балқаш көлінде бір жағалаудан екінші жағалауға көшкен, қазіргі уақытта олар өз үйлерінде және олармен бәрі жақсы. Алматы облысының ТЖ Департаменті азаматтарды сақтық ережелерін сақтауға және көктем мен күз мезгілінде мұзға шықпауға шақырады.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі