
Алматы облысы ТЖД қызметкерлері адамдардың өмірін құтқарып қана қоймай, халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан адамдарға материалдық көмек көрсетеді!
Мемлекет басшысының бастамасымен 10 ақпанда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында "Қайырымды істер марафоны" жалпыұлттық жобасы бастау алды.
"Қайырымды істер марафоны" жалпыұлттық жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бойынша және "Алғыс айту күні" шеңберінде Алматы облысында халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан 26 отбасына азық-түлік түрінде көмек көрсетілді. ТЖ Департаментінің қызметкерлері жыл бойы осындай акциялар өткізуді жоспарлап отыр.
Алматы обласы ТЖД баспсөз қызметі