
Кербұлақ ауданының азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау мәселесі бойынша «Тұрмыста газды қауіпсіз пайдалану» атты Акциясын өткізді.
Акциясы барысында рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Мысалы, 30 наурызда Сарыөзек ауылында газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану бойынша рейдтік іс-шара өткізілді. Қызметкерлер 17 адамды қамти отырып, 3 газ толтыру станциясын аралап шықты. Азаматтарға бұзушылықтарға жол бермеу бойынша талаптар түсіндірілді, сондай-ақ жылыту Тұрмыста газды қауіпсіз пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы жадынамалар табыс етілді. Газ баллондары тұрмыста өмiрдi бiршама жеңiлдетедi, алайда қауiп көзi де бола алады.
Кербұлақ ауданының ТЖБ өрттің пайда болуын болдырмау үшін келесі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға кеңес береді:
■ Баллонды лақтырмаңыз.
■ Баллонға соққы жасамаңыз.
■ Баллонды қызатын жерге қоймау кажет, баллонда жарылғыш заттардың бар екенін ұмытпау керек.
■ Баллонды арнайы желдетпелі жәшікте (үйден тыс) немесе арнайы ғимаратта, жердің деңгейінен төмен емес (баллон газы ауадан ауыр және ол түбінде жиналып тұрады) ұстау қажет.
■ Баллондарды тігінен орнатыңыз.
■ Пайдаланылған баллонды сақтамаңыз, жедел түрде қайта құюға жіберіңіз: әр баллонда кішкене сұйық газ қалады, ол ұшқынның болуына үлкен әсер етеді.
■ Вентильдің аузындағы кішкене пайда болған отты немесе баллонның қызып тұрған кезінде жабу үшін жалаңаш қолмен вентильді ұстамаңыз.
■ Ыстық вентильге қалың сулы матаны жауып, содан кейін вентильді жабыңыз.
■ Газдщың шығып тұрғанын сабын көбігімен анықтауға болатынын есте сақтаңыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі