
Автокөлікте өрт оқиғалары көбейгендіктен Кербұлақ ауданының төтенше жағдайлар бөлімі 2021 жылдың 30 наурыз күні «Қауіпсіз автокөлік» атты Акция өткізді.
Акция барысында жергілікті таксилердің жүргізушілері мен Кербұлақ ауданындағы барлық автокөлік иелеріне нұсқау өткізілді, нұсқау барысында автокөліктері бар тұрғындарға нұсқаулық жаднамалар таратылды, ол жаднамаларда өрт қауіпсіздік шарасы және өрт болған жағдайда алғашқы іс әрекеттер туралы мәліметтер жазылған. Автокөлік-жанғыш материалдардың нақты қоймасы: бензин, май, резеңке, бояу, былғары немесе мата, сым және т. б. заттар. Көлік 4-6 минут ішінде толығымен жанып кетеді. Сондықтан осындай өрттің жанында оқиға орнынан 10-15 метр қауіпсіз қашықтыққа мүмкіндігінше тез кетіңіз, өйткені автокөлік жанған кезде бензин багының жарылуы мүмкін.
Кербұлақ ауданының ТЖБ өрттің пайда болуын болдырмау үшін келесі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға кеңес береді:
Өрт болған жағдайда автокөлік жүргізушісі дұрыс әрекет жасауға және өрт ошағын дұрыс оқшаулауға дайын болуы керек. Автокөлікте әрдайым болу керек үш маңызды нәрсе бар: дәрі-дәрмектері бар дәрі қораб, өрт сөндіргіш және синтетикалық емес қалпақ. Автокөліктердің өрт қауіпсіздігі оның иесінің қырағылығы мен жауапкершілігіне, оның пайдалану ережелері мен нормаларын сақтауына байланысты. Бұдан басқа, қауіпсіздіктің маңызды шарты автокөліктерде жарамды өрт сөндіргіштің болуы болып табылады. Ең тиімді өрт сөндіргіштерге ұнтақ кіреді. Олар әртүрлі жанғыш заттарды, сондай-ақ қуатталған электр жабдықтарын сөндіруге мүмкіндік беретін арнайы қосылыспен толтырылады. Өрт сөндіргішті тек мамандандырылған дүкендерде сатып алу керек, бұған дейін өрт қауіпсіздігі сертификаттары мен жарамдылық мерзімі көрсетілуі керек төлқұжатты тексеріңіз. Сонымен қатар, өрт сөндіргіштерді автокөліктін артқы жағында емес, алдыңғы орындықтардың астында сақтау қажет өрт болған жағдайда алуға оңай болады.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі