Халықты өрт қауіпсіздігі ережелеріне оқыту бойынша креативті әдістер.

Халықты өрт қауіпсіздігі ережелеріне оқыту бойынша креативті әдістер.

   Талдықорған қаласы Төтенше жағдайлар басқармасымен «Magnum ATAK» супермаркетінде өрт қауіпсіздігі бұрышы ұйымдастырылып, азаматтарға пеш жағу және оны пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру және көрнекі көрсету үшін жылыту пешінің макеті қойылды.

          Сонымен қатар, халыққа супермаркет кассирлері арқылы өрт қауіпсіздігі ережелері жазылған ақпараттық жадынамалар таратылады. Кешкі уақытта супермаркеттің дауыс зорайтқыш байланысы арқылы Талдықорған қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерімен өрт қауіпсіздігі шараларын, сондай-ақ өрт жағдайы мен улы газбен улану фактілерін жеткізу бойынша сөз сөйлеуі жүзеге асырылды.

 

Алматы облысы ТЖД баспа-сөз қызметі