
2021 жылғы 19 наурыз, сағат 10.00 бастап Алматы облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлауы бойынша ауа райының нашарлауына байланысты «Сарыөзек-Қоғалы-Көксу-Қарабұлақ» автожолынан Аралтөбе ауылына бұрылыс (0-10 км), Онжас ауылына бұрылыс (0-7,5 км) обылыстық маңызы бар автожолдарында барлық көліктерге жол жабылды.
Алматы облысының ТЖД азаматтардан осы бағыттағы сапарлардан бас тартуды және 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.
Алыс жолға шыққан кезде ауа-райы болжамымен танысып, төтенше жағдайларда сізге көмектесетін барлық қажетті заттарды өзіңізбен бірге алып жүріңіз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі