
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтын 2021-2022 жылға оқушылармермен жасақтау, оқуға түсуге ауыл жастарын тарту мақсатында Алматы облысының шалғай аудандарындағы мектептер мен оқу орындарының оқушылары арасында Институттың күндізгі оқу бөліміне үміткерлерді шақыру жөнінде үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығымен бекітілген кестеге сәйкес «Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Д. Искаков және мекеменің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Ринат Закиұлы Карандашев 2021 жылғы 09-12 наурыз аралығында Жамбыл ауданданында Ұзынағаш ауылындағы Н. Құтмамбетұлы атындағы орта мектепте Көкшетау техникалық институтына оқуға түсуге 9-11 сыныптарының 30 оқушы қамтылған Ақпараттандыру және үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді және Енбекшіқазақ ауданы Рахат ауылдық округіндегі №1 орта мектебінде 90 оқушыны қамтыған үміткерлерді тарту кәсіптік бағдар жүргізілді .
Кездесу барысында оқушыларға Көкшетау техникалық институтының құрылу тарихы, өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығы және Институтқа оқуға түсу мен оқу ережелері туралы ақпарат, кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді және ақпараттық материалдар таратылды.
Институт туралы ақпарат
Институтқа күндізгі оқыту түрі бойынша орта білімі бар, он алты жасқа толған, денсаулығы бойынша əскери қызметке жəне оқуға жарамды Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
Оқуға қабылдау Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігімен өткізілетін ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) жəне кешенді тестілеу (КТ) қорытындылары сертификатының балдарына сəйкес жүргізіледі.
Азаматтарды күндізгі оқу түрі бойынша оқуға қабылдау төрт кезеңнен тұрады:
бірінші кезеңде қабылдау комиссиясы талапкерлердің жеке істерімен танысып, содан кейін ҰБТ жəне КТ нəтижесі бойынша іріктеу жүргізеді.
екінші кезеңде медициналық жəне психофизиологиялық көрсеткіштері бойынша оқуға түсуге денсаулығының жарамдылығын анықтау мақсатында іріктеу жүргізіледі.
үшінші кезеңде талапкерлер бекітілген нормативтерге сəйкес дене шынықтыру дайындығы бойынша сынақтар тапсырады: бағанада тартылу, 100 м жүгіру, 3000 м жүгіру.
төртінші кезеңде қабылдау комиссиясы сайыстық іріктеу жəне Институт курсанттары қатарына қабылдайды, сонымен қатар шетелдердің бейінді оқу орындарына түсуге іріктеу жасайды.
Институтқа түсуге ынта білдірген тұлғалар, тұрғылықты мекен-жайы бойынша аумақтық Төтенше жағдайлар департаменттерінің кадр жұмысы бөлімшелеріне өтініш (ерікті түрінде) береді.
МАМАНДЫҚТАР
- 5В100100-Өрт қауіпсіздігі;
- 5В103100 Төтенше жағдайларда қорғау;
- 6В12191-Азаматтық қорғаныстың командалық тактикалық күштері;
- 6В45604-Өрт сөндіру және авариялық-құтқару ісі;
Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мемлекеттік мекемесінің баспасөз қызметі