Кербұлақ ауданында «Ашық есік күні!» өткізілді

Кербұлақ ауданында  «Ашық есік күні!» өткізілді

Кербұлақ ауданы ТЖБ қызметкерлерімен 2021 жылдың 16 наурыз күні "Өзіңді және жақындарыңды улы газдан сақта" тақырыбындағы өрт қауіпсіздігін насихаттау Акциясы бойынша, Сарыөзек ауылындағы Күреңбел орта мектебінің 36 оқушысына «Ашық есік күні» өткізілді.

Акция барысында, Сарыөзек ауылының №19 өрт сөндіру бөліміне экскурсия ұйымдастырылды, оның аясында өрт сөндіру техникасының кішігірім көрмесі және авариялық-құтқару құралдары көрсетілді. Сондай-ақ, "тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелері", "Балалардың отпен ойнауы", "улы газбен улануға жол бермеу туралы өзіңді және өз жақындарыңды сақта" бойынша нұсқаулық өткізіліп оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Экскурси соңында, оқушылар құтқарушылармен бірге естелік суретке түсті.

Кербұлақ ауданының ТЖБ қызметкерлері осындай экскурсиялар балаларды өрт сөндіру бөлімшелерінің жұмысымен таныстыруға, жаңа білім алуға және бұрын берілген материалды қайталайтындарына сенімді. Бұндай іс-шаралар алдығы уақыттада жалғасын табады.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі