
2021 жылдың 13-14 наурыз аралығында Алматы облысы ТЖД Қаратал ауданнының ТЖБ қызметкерлері Үштөбе қаласындағы №18 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен, Қаратал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп "Абайлаңыз-улы газ" тақырыбында Өрт қауіпсіздігі сенбілігін өткізді.
Өрттерде адамдардың қаза болуы мен жарақаттануын болдырмау және алдын алу мақсатында осы іс-шара шеңберінде Үштөбе қаласының орталық базарында Қаратал ауданының сатушылары мен тұрғындары үшін жылыту маусымы кезеңінде өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру бойынша инстуктаж өткізілді, тұрғындардың назарын аудару үшін жылыту пештерінің макеті мен ертегі кейіпкерлерінің костюмдері пайдаланылды. Іс-шара барысында 113 дана жадынама таратылды. Тұрғындардың назарын аудару үшін жылыту пешінің макеті және өрт қаупі мен оның салдарын көрнекі түрде көрсету үшін қорқынышты ертегі кейіпкерлерінің костюмдері қолданылды. Іс-шара барысында 113 дана жадынама таратылды.
Сонымен қатар Бастөбе ауылы Гастелло көшесіндегі тұрғын үй секторын аралап, 67 адамды қамтыған жадынамалар таратылды.
Сондай-ақ белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдардың және тұрмысы нашар отбасылардың мүмкін болатын орындары бойынша рейдтік іс-шаралар өткізілді.
Бұл жұмыс жалғасады.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі