
10.03.2021 жылы Көксу ауданы ТЖБ қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған "Үміт" күндізгі болу орталығы "КММ ғимаратында" пешпен жылытудың, электрқұралдардың, тұрмыстағы газдың ережелерін сақтау"," улы газдан абай болыңыз"," балалардың отпен ойнауы"," эвакуациялау қауіпсіздігі туралы, алғашқы өрт сөндіру құралдарын (өрт сөндіргіштерді) қалай пайдалану керектігі туралы"," DARMEN мобильді қосымшаны қалай жүктеу керектігін " тақырыптарында дәрістер және нұсқаулықтар өткізілді, 25 адам қамтылды. Осы іс-шараны өткізу кезінде 250 дана үгіт материалдары таратылды, сондай-ақ 50 дана магниттер ілу үшін жадынамалар берілді. Бұл жұмыс жалғасын табуда.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі