
Отпен ойнаудың арты жақсылыққа апармайды. Балалар үйде ересектердің қарауынсыз жалғыз қалғанда, немен айналысатынын білмей ізденеді. Көбінесе олардың көзіне түскен сереңке өрттің туындауына себепкер болады. Заттарды өртеп көргісі келіп, сереңкені ұстауға дағдыланбағандары, көбінесе балалардың өзіне де айналасындағыларға да қайғы-қасірет әкеледі. Ғимараттардың, қора-қопсының маңында балалардың жағып, сөндірмеген алауларынан шыққан өрттерден келтірілген залал да елеулі болады. Немесе балалар газ плитасымен көзбе көз қалып, оны пайдалану дағдылары болмастан, өздеріне ас әзірлеуге және шәйнекте су қайнатуға тырысады.
Ересектердің балаларды қараусыз қалдыруы өрттердің туындауына қолайлы жағдай жасайды.
Балалардың отпен ойнауынан туындаған өрттердің басым көпшілігі көктем-жаз мезгілдерінде орын алады. Балалар өз беттерімен жүріп, қу шөпті, терек ұлпасын, алаулар жағады, сереңкемен ойнайды. Ойыннан от шығады. Балалардың отпен ойнауы ең азы материалдық шығын келтіреді, ал кейде оның салдарынан адамдар қайғылы оқиғаға душар болады. Бұл жағдайда балаларын үйде қараусыз қалдырған, серңкені тығып тастамаған, олардың ойынын бақыламаған, ал кей кезде олардың еркелігіне жол беріп, сереңкемен ойнауға, пешті тұтатуға немесе жанып жатқан пешке қарауға рұқсат беретін ата-анасы кінәлі әрине.
Сереңкені балалардың қолы жетпейтін жерлерде сақтап, баланы назардан тыс қалдырмау қажеттілігін ұмытпаған жөн. Балаларды пәтерге қамап кетуге болмайды, дәл осының салдарынан қаншама қайғылы оқиғалар орын алды. Жағылып жатқан пештерді, қосылған электр жылыту құралдарын бақылатқызуға, ал жылыту құралдары, газ плиталары және т.б. тоққа қосуға рұқсат беруге тіпті болмайды. Отпен түрлі ойын түрлеріне тыйым салып, өскелең ұрпаққа олардың қауіптілігін түсіндіріп отыру қажет.
Балалар көбінесе ересектерге алаңдап, олардың әрекетін қайталайды. Сондықтан өзіңіздің отпен қалай әрекеттенетініңізге назар аударыңыз. Егер кіші жастағы балаларды оттан қорғаштап жүрсек, оқушыларға, қайғылы оқиғаға жол бермеу мақсатында, отты қауіпсіз қолдану ережелерін тұрақты түрде түсіндіріп отырамыз, себебі тілсіз жау аяусыз, ал балалардың ойыны мен от екеуі екі бөлек болуы тиіс. Құрметті ата-аналар, естеріңізде болсын, баларыңыздың қауіпсіздігі өз қолдарыңызда !
Алматы облысы баспасөз қызметі