Балаларды қараусыз қалдырмаңыз

Балаларды қараусыз қалдырмаңыз

Балалардың отпен ойнауынан туындайтын өрттер, өкінішке орай, жиі болып тұратын жағдай. Балалардың барлығы дерлік отқа қызығушылық танытады, оның ықтимал қауіптілігін толық түсінбейді. Үйде жалғыз қалған баланың сіріңке қорабымен ойнауға қызығушылығы ашылмайтынына, қағазды жағып немесе тұрмыстық техниканың жұмысына қызығушылық танытпайтынына сенімді бола алмайсыз.

Үш жастан жеті жасқа дейінгі балалар өз ойындарында ересектердің іс-қимылдары мен әрекеттерін жиі қайталайды, олардың жұмысына еліктейді.    Тәуелсіздікке деген ұмтылыс әсіресе балалар жалғыз қалған кезде көрінеді.    Құрметті ата-аналар, балалардың отпен ойнау мәселесі өте өткір тұрған дүние.

Басты міндет – мүмкін болатын қайғылы жағдайды алдын алу немесе тіпті бір қадам алда болу екенін есте ұстаған жөн. Сіздер мен біздің күш-жігеріміз балалардың қатысуымен болған өрттер мен басқа да оқиғаларды барынша азайту, жарақаттану мен жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін балалармен күнделікті профилактикалық жұмысқа бағытталуы керек. Өйткені, ең алдымен балалардың іс-қимылдары мен әрекеттеріне ересектер жауап береді.
Балаларға теріс мысал көрсетпеңіз: олардың көзінше темекі шекпеңіз, қараңғы бөлмелерді жарықтандыру үшін қағазды жақпаңыз. Сіріңкелерді балалардың қолы жетпейтін жерлерде сақтаңыз. Ешбір жағдайда үйде ақаулы немесе қолдан жасалған электр құрылғыларын ұстамауға тырысыңыз.
Тек қана қауіпсіздік талаптарына сәйкестік сертификаты бар, электр қорек көзінен құралынан автоматты түрде ажырататын қондырылған құрылғысы бар жарамды аспаптарды пайдалануға болады. Есіңізде болсын - кішігірім абайсыздық үлкен қиындыққа әкелуі мүмкін.

Егер Сіз балалардың өз бетінше от жағатынын, сіріңкемен және оттықтармен, жанғыш сұйықтықтармен ойнайтынын көрсеңіз, немқұрайлылық танытпаңыз, оларды тоқтатуға тырысыңыз!
Балалардың қатысуымен болатын өрттерді алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілетін жерлерде өрттердің пайда болу қаупі әлдеқайда азайғанын анық байқауға болады.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі