«Көктем 2021» Республикалық командалық-штабтықоқу-жаттығуы

«Көктем 2021» Республикалық командалық-штабтықоқу-жаттығуы

Азаматтық  қорғаудың  мемлекеттік  жүйесін  көктемгі кезеңдегі ТЖ-ды жоюға дайындау, сондай-ақ су тасқыны  қаупі  жағдайында ел халқы мен аумағын қорғауды  ұйымдастыру бойынша  басқарушылық шешімдерді  пысықтау  мақсатында  2021 жылғы  4-5 наурыз аралығында  «Көктем–2021»  Республикалық командалық-штабтықоқу-жаттығу  өткізілуде.

Оқу-жаттығуларға республикалық және облыстық Азаматтық қорғау қызметтері: орталық және жергілікті атқарушы органдар, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары қатысуда. Оқу-жаттығу шеңберінде өзара іс-қимыл және орталық және жергілікті атқарушы органдарды хабардар ету мәселелері пысықталуда, су тасқынына қарсы практикалық іс-шаралар, су тасқын кезеңінде азаматтық қорғау құралымдары күштері мен құралдарының халықтың іс-қимылдары бойынша тактикалық-арнайы жаттығулар жүргізіледі.

04.04.2021 жылы Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Ескелді ауданы Ешколмес ауылында РКШОЖ «Коктем 2021» шеңберінде практикалық іс-шаралар ұйымдастырып өткізді. Оқу- жаттығу барысында  шұғыл ден қою отрядтарын жинау ұйымдастырылды. Сондай – ақ, халықты эвакуациялау және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін облыс орталығынан құтқару бөлімшерінің күштері мен құралдары (жедел-құтөару жасағы, өртке қарсы бөлімдер, апаттар медицинасы орталығы) тартылды. Барлығы 65 адам мен 20 бірлік техника тартылды. Сондай-ақ, тұрғындарды эвакуациялау және АҚЖ жүргізу үшін ЖҚЖ, ӨСБ №3, «ӨС және АҚЖҚ» ММ, күштері тартылды. Су тасқыны қауіпті аймақ болыпт абылатын Ешкөлмес ауылы. Осы уақыт ішінде ТЖ жою бөлімінің жеке құрамы, сондай-ақ №23 ӨСБ Қарабұлақ инженерлік техниканы тарта отырып, ирригациялық арықтар мен каналдардың жағаларын тазарту және нығайту жұмыстары жүргізілді. Барлығы 500 метр суармалы арық желілері тазартылды. 50 қап инертті материалдар төселді. Сондай-ақ, 2 шатыр орнатылды: жылытуға арналған пункті және эвакуацияға ұйымдастырылған тамақтану пункті, ұйықтайтын орындар, тамақтану орны қамтылды. Бұл оқиғаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшіно блыстық Жетісу телекомпаниясы тартылды.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі