Қарасай ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері өрт қауіпсіздігі бойынша рейдтер іс-шаралар өткізуде

Қарасай ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері өрт қауіпсіздігі бойынша рейдтер іс-шаралар  өткізуде

Қарасай аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері апта сайын жылу беру маусымында рейдтер өткізеді. Рейдтер кезінде олар тек жадынамалар таратып, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы нұсқау беріп қана қоймай, халықтың әлеуметтік осал топтарына да көмек көрсетеді.

Бұл санатқа көпбалалы және аз қамтылған отбасылар, жалғыз тұратын зейнеткерлер жатады. Рейдтік іс-шараларға Қаскелең ПЧ-9 жеке құрамы және төтенше жағдайлар органдары, Қарасай ауданының жергілікті полиция қызметкерлері қатысады. Бұл профилактикалық жұмысқа «Жас Отан» ЖҚ еріктілері де қатысуда.

Айта кету керек, тұрғындар бұл рейдтерге түсіністікпен қарайды және қызметкерлерге үйлеріне кіріп, пештің жылытуы мен электр сымдарын тексеруге мүмкіндік береді.

Негізінен бұзушылықтар электр желілері мен электр жабдықтарының жұмысына, сондай-ақ пешті жылыту қондырғысына қатысты. Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері бұл бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар береді. Көп жағдайда бұзушылықтар орнында қалпына келтіріледі. Заң бұзушылықтар анықталған жеке сектордың үйлерінде қайта аралау жұмыстары өткізілетіндігін атап өткен жөн. Жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстарға қарамастан, өрттер пайда болады, олар пешті жылыту және электр сымдарын орнату кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауынан туындайды.

Алматы облысы Қарасай ауданының ТЖБ аудан  тұрғындарын пешті пайдалану, электр сымдарын орнату және жанғыш материалдармен жұмыс істеу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі