2021 жылғы 02 наурызда «Су тасқыны кезеңіне дайындық және тұрғын үй секторындағы өрттердің алдын алу туралы» және 2012 жылғы 09 қаңтардағы № 532 IV «Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚР Заңына енгізілген өзгерістерді түсіндіру туралы» тақырыптарда Алматы облысының Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында брифинг өтті.
Спикер ретінде Алматы облысы ТЖД бастығының м.а. Ахашов Ерлан Дүйсенханұлы және ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін, қысыммен және магистральдық құбырлармен жұмыс істейтін жабдықтарды мемлекеттік қадағалау бөлімінің бас маманы Арман Хасенұлы Сағынбетов сөз сөйледі.
Ерлан Дүйсенханұлы атап өткендей, азаматтық қорғау органдары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп ауқымды профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Бүгінгі күні халықтың әлеуметтік осал топтарының 15 024 үйі профилактикалық жұмыстарымен қамтылып, оның барысында 24 536 азаматқа нұсқау берілді. Халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлерінен басқа есепке алынған үйлер профилактикалық жұмыстармен қамтылды, 386 870 үйден (қатты отынмен – 252 416, газбен жылытумен – 130 656, орталық жылытумен - 3697, электр қуатымен – 101) 345 807 тұрғын үй (үйге кіргізбеді – 497, үйде болмады - 1729) аралаумен қамтылды, олардың барысында 603 мыңнан астам азаматқа нұсқау беріліп, түбіртек - ұсыныстар таратылды және т.б. Аралау кезінде кейбір тұрғындар өз үйлеріне кіргізбейді, бұл әркімнің конституциялық құқығы, бірақ әрбір үй иесі ӨҚЕ сақтауға міндетті. 19 452 бұзушылық анықталды, оның ішінде 13 353 тұрғындардың өз бетінше жойылды. Жылу беру кезеңінде жеке тұрғын үй секторында болған 357 өрттің 90% ұй иелеріне өрт қауіпсіздігі бойынша ұсынымдар беріле отырып, өрт қауіпсіздігі қағидаларына нұсқау берілгенін атап өткім келеді, алайда кейбір тұрғындардың қауіпсіздік қағидаларына немқұрайлы қарауы өз кезегінде өрттер, адамдардың улы газбен улануы, оның ішінде азаматтардың қайтыс болуы сияқты қайғылы салдарға әкеп соғады. Айта кету керек, «Азаматтық қорғау туралы» заңда ТЖМ тарапынан жеке тұрғын үй қорының өртке қарсы жағдайын бақылау қарастырылмаған. Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша үлкен түсіндіру жұмыстары барлық бұқаралық ақпарат құралдары бойынша жүргізіледі, АҚО қызметкерлерімен 1112 сөз сөйлеу өткізілді.
Сондай-ақ Ерлан Дүйсенханұлы жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен өткен жылыту кезеңінде улы газбен уланудың немесе жану өнімдерінің қайғылы салдарларының қаупін азайту мақсатында шамамен 24 мың улы газ датчигі сатып алынғанын және орнатылғанын атап өтті. Тұрғын үй секторын аралау барысында өткен қыста орнатылған датчиктердің батареялары ауыстырылмағандықтан ақаулы күйде екені анықталды. Датчиктерді монтаждау азаматтардың батареялары дұрыс жұмыс істеген және оларды тұрғын үйлердің тұрғындары қарапайым ауыстырған жағдайда қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады. Негізгі күш-жігерді өрттің туындау себептерін жоюға бағыттау қажет. Тұрғындар жылыту жүйелері мен электр желілерін өртке қауіпсіз жағдайға келтіруі қажет. «Жалпы өрт қауіпсіздігі бойынша жағдай тұрақты, жылыту маусымы жалғасуда, сондықтан ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауға кеңес беремін, тұрғындарға пештерді, газ және электр жабдықтарын пайдалану кезінде ӨҚЕ сақтау қажет» - деп атап өтті спикер.
Спикер су тасқыны кезеңіне дайындыққа да тоқталды: «Бүгінгі күні облыс аумағындағы су тасқыны жағдайы тұрақты. «Қазгидромет» РМК-ның 2021 жылғы су тасқыны кезеңіндегі болжамының деректері бойынша Алматы облысында жауын-шашын сомасы орташа көп жылдық мәндерден асатын Жетісу Алатауы өзендерінің бассейндерін қоспағанда, ылғал жинақтау кезеңіндегі жауын-шашын мөлшері орташа көп жылдық мәндерден 8-ден 42% - ға дейін аз. Қар қоры, орташа көп жылдық мәннен 24-тен 41% - ға дейін аз. Облыс бойынша топырақтың қатып қалуының максималды тереңдігі - 61 см, 2020 жылы бұл көрсеткіштер 110 см болды. Жоғары температуралық фон мен қатты жаңбыр жағдайында Алматы облысының таулы өзендерінде еріген қар суы тасқыны өтуі мүмкін, өзендерде (Есік, Іле, Қаскелең, Қырғауылды,Тентек, Сарқан, Бурахудзир, Басқан) су деңгейінің қауіпті белгілерінен асуы мүмкін. Метеостанциялардағы көпжылдық бақылаулардың деректері бойынша наурыз, сәуір айларында тәулік ішінде жауын-шашынның айлық нормасы түсуі мүмкін, бұл қауіпті стихиялық гидрометеорологиялық құбылыстардың туындауына әкеп соғуы мүмкін. 2021 жылдың наурыз айына арналған консультативтік ай сайынғы синоптикалық болжамға сәйкес ай сайынғы орташа ауа температурасы климаттық нормадан 1°С жоғары болады деп күтілуде (норма бойынша: 5 аяз - 9 жылу). Наурыз айында жауын-шашын мөлшері нормаға жуық болжанып отыр.»
Арман Хасенұлы «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 09 қаңтардағы № 532 IV ҚР Заңына енгізілген өзгерістерді түсіндіру туралы" екінші тақырыбы бойынша: «Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 09 қаңтардағы № 532-IV «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңының 7-бабына сәйкес (қолданыстағы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін) 2020 жылғы қаңтардан бастап Департаментке газ тұтыну жүйелері мен газ жабдығын қоспағанда, газ және газбен жабдықтау жүйелерінің тұрмыстық баллондары мен объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтау бөлігінде газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша өкілеттіктер берілген. Департамент автокөлікте пайдалануға арналмаған баллондарды құюға жол бермеу туралы автогаз құю станциясының иелерін хабардар ету бойынша жұмыс жүргізуде (барлығы 98 хабарлама жіберілді), сондай – ақ бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықты ақпараттандыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. «Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 09 қазандағы № 673 бұйрығының 5-бөлімінің 129-тармағына сәйкес автокөлікте пайдалануға арналмаған баллондарды тұрақты автомобильге газ құю станциясында толтыруға жол берілмейді, өйткені автогаз құю станциясы (АГҚС) сұйытылған мұнай газын отын ретінде пайдаланатын көлік құралдарының иелеріне сақтауға және бөлшек саудада өткізуге арналған технологиялық кешен болып табылады».
Спикерлердің сөз сөйлеуі слайд көрсетілімімен сүйемелденді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі