Алматы облысының құтқарушылары қар құрсауында қалған азаматтарға көмек көрсетті.

Алматы облысының құтқарушылары қар құрсауында қалған азаматтарға көмек көрсетті.

2021 жылғы 28 ақпанда "Үшарал-Достық" автожолының 96 шақырымында екі жеңіл және бір жүк автокөлігі қар құрсауында қалып қойды, салондарда 6 адам болды.

Сағат 15.20-да Алакөл өңірінің Жедел-құтқару жасағы құтқарушыларының күшімен (3 құтқарушы, 1 бірлік ТРЭКОЛ жол талғамайтын көлігі) екі жеңіл автокөліктен 4 адам эвакуацияланды, жүк көлігінен 2 адам эвакуациялаудан бас тартты. Азаматтардың ешқайсысына медициналық көмек қажет емес еді.

Қазіргі уақытта қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты (қатты жел, боран, нашар көріну) "Үшарал-Достық" автожолы 84-тен 184 шақырымға дейінгі барлық автокөлік түрлері үшін жабық, блокпосттар қойылды. Көктұма станциясы манында, блокпостта 12 жүк автокөлігі тұр.

Алматы облысының ТЖД азаматтардан осы бағыттағы сапарлардан бас тартуды және 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды. Алыс жолға шыққан кезде ауа-райы болжамымен танысып, төтенше жағдайларда сізге көмектесетін барлық қажетті заттарды өзіңізбен бірге алып жүріңіз.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі