
Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті жоспарлы түрде «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен жүктелген өкілеттіктерге сәйкес азаматтық қорғау саласында оқыту жүргізуді, хабар беруді және білімді насихаттауды жүзеге асырады.
Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларда әрекет етуге тұрғындарды үйретудің үлгілері мен тәсілдерін жетілдіру мақсатында, сондай – ақ Азаматтық қорғаныс айлығының шеңберінде облыстың ТЖД қызметкерлерімен белсенді түрде заманауи технологиялар қолдануда. Сөйтіп, 2021 жылғы 18 ақпанында «Алматы облысының білім беруде ақпараттық технологиялар орталығының» базасында облыстың жалпы білім беру мекемелерінің оқушыларымен «ONLINE» режимінде кезекті оқыту сабағы өткізілді. Аталған оқыту сабағына 11040 оқушылар мен оқытушылар қамтылып 96 жалпы білім беру мекемелері қатысты.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі