ТЖД қызметкерлері қауіпсіздік ережелерін түсіндіреді

ТЖД қызметкерлері қауіпсіздік ережелерін түсіндіреді

Алматы облысы бойынша "Тұрғын үй секторындағы қауіпсіздік сенбілігі" өткізілді, сенбілік барысында ТЖД қызметкерлері волонтерлермен, ЖПҚ, ЖАО-мен бірлесіп жеке тұрғын үйлерді аралап, тұрғындарға түсіндірілді:
1. Жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі ережелері;
2. Су тасқыны кезеңіндегі тәртіп ережелері (соның ішінде арық жүйесін тазарту бойынша ұсыныстар);
3. Жер сілкінісі кезіндегі тәртіп ережелері.
Орталық базарларда "Интерактивті қауіпсіздік алаңы" ұйымдастырылды, онда халыққа тұрғын үй секторында өрттердің туындауының негізгі себептері және осындай төтенше жағдайларды болдырмау жолдары түсіндірілді.
Халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерінде қатты отынмен жанатын пештерді пайдалану кезінде бұзушылықтарды жою бойынша көмек көрсетілді, түтіндіктерді күйеден тазарту, пештердегі жарықтарды бітеу және электр сымдарын жөндеу жүргізілді. Сенбілік барысында көп балалы отбасыларға азық-түлік пакеттері табыс етілді.
Аталған іс-шаралар Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының күніне, көктемгі су тасқынына дайындық айлығына, сондай-ақ тұрғын үй секторындағы өрттердің санын азайту және улы газбен улану жағдайларын болдырмау мақсатында орайластырылған.
Осы сенбіде ТЖД аппараты мен Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері үгіт-профилактикалық көмек көрсету үшін Көксу ауданына барды.


Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі