
Алматы облысының ТЖД "Қазгидромет" РМК-ның 17.02.2021 жылғы дауылды ескертуі негізінде 2021 жылғы 17 ақпандағы сағат 21-ден 20 ақпандағы сағат 21-ге дейін Алматы облысында жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 18-20 ақпанда кей жерлерде тұман, 20 ақпанда кей жерлерде көктайғақ, төменгі бұрқасын боран желі соғады. 18-20 ақпанда оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, кей жерлерде 15-20 м/с жел соғады, екпіні 23-28 м/с жетеді. 18-20 ақпан аралығында ауа температурасы күндіз 11-16-дан, кей жерлерде 1-6-дан 0-5-ке дейін, кей жерлерде 5-10 градус аяз болады.
Алматы облысының ТЖ Департаменті азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға, мүмкіндігінше алыс жолға шықпауға шақырады.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі