
15.02.2021 жылы Ескелді ауданының ТЖБ қызметкерлері көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында Көктем 2021 тактикалық-арнайы оқу-жаттығуын өткізді. Ескелді ауданының шұғыл әрекет ету жасағының су тасқыны жағдайларындағы іс-қимылы, сонымен қатар жеке құрамның 20 техникасы 65 адам санынан әзірлігін саптық қарау ұйымдастырылды. Одан әрі су тасқыны қаупі бар аймақ болып табылатын Ешкіөлмес ауылындағы су басу аймағы туралы айтылды. Оның барысында Қарабұлақ ауылының 23-ӨСБ шұғыл әрекет ету жасағының жеке құрамымен инженерлік техниканы тарта отырып, арық желілері мен каналдарының жағалауларын тазарту және нығайту бойынша жұмыстар жүргізілді. Жалпы алғанда 500 метр арық желісі тазартылды. Сондай-ақ, Шестоков атындағы орта мектепте эвакуациялық іс-шаралар өткізілді, онда эвакуациялау пункті, жатын орындар, тамақтану орны ұйымдастырылды. Бұл іс-шараны БАҚ-қа жариялау үшін облыстық Жетісу телекомпаниясы тартылды.
Алматы облысы баспасөз қызметі