Облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының отырысы өтті

Облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу  және жою комиссиясының отырысы өтті

Облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссияның 2021 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Л.М. Тұрлашовтың төрағалығымен комиссия отырысы өтті.
Отырыста үш мәселе қаралды:
1.Алматы облысының аумағында көктемгі су тасқынына қарсы қорғаныс шараларын ұйымдастыру және өткізу туралы.
2.Азаматтық қорғаныс басқару пунктері, жылжымалы басқару пунктері, қорғаныс ғимараттарының жағдайы, даярлығы және халыққа арналған жеке қорғану құралдарымен, азаматтық қорғаныс мүліктерімен қамтамасыз ету және қаржыландыру мәселелерін қарастыру туралы.
3. Халықтың әлеуметтік осал топтарынның тұрғын үйлерін өрт қауіпсіз жағдайға келтіру туралы.
Жалпы Алматы облысы ТЖД құзіретті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 2021 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жалғастырылуда. Тасқын судың өтуін қамтамасыз етуге дайындық жұмыстарын алдын ала жүргізу үшін Алматы облысы әкімдігінің 2021 жылы болуы ықтимал су тасқындарына дайындық туралы қаулысы қабылданды және су тасқыны кезеңіне дайындық іс-шаралар жоспары әзірленіп бекітілді.
Отырыс қорытындысы бойынша комиссия шешім қабылдап, мүдделі облыстық қызметтерге, аудан, қала әкімдеріне орындау мерзімдерін белгілей отырып, нақты тапсырмалар берілді.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі